Халықаралық Sloovo Ltd. компаниясының бүгінгі жағдайы

Sloovo Ltd. — бұл халықаралық аударма агенттігі.

Біз заманауи қаланың ырғағын, мегаполистің өмір сүру қарқынын ескере отырып, интернет-дүкен ретінде жұмыс жасаймыз. Барлық тапсырыстар қашықтан қабылданады, өңделеді және сіз қажетті уақытта және қажетті жерде дайын аударманы алатын боласыз. Біздің аудармашылар конференцияларға барады, сотта, медициналық мекемелерде аудармалар жасайды. Интернеттегі біз туралы пікірлерді оқып, біздің адал ниетпен жұмыс істейтінімізді түсіне аласыздар. Клиенттеріміздің көпшілігі біздің көрсеткен қызметімізге риза. Біз нәтижеге және жетістікке қол жеткізуді алға мақсат қойғанбыз.

Компаниядағы барлық қызметтерді тек өз жұмысын жақсы көретін және білетін мамандар ұсынады.

Барлық қызметкерлеріміздің жоғары лингвистикалық білімі бар, жұмыс өтілі 3 жылдан асады. Олардың кейбіреулері шетелде машықтанудан өткен, шетелдік компанияларда жұмыс істеген тәжірибелері бар.

Сіз біз туралы бұрын-соңды естімесеңіз де, біздің жұмысымыздың нәтижелерін көрген боларсыз. Біздің аудармаларды әртүрлі салаларда табуға болады: заңтану, медицина, мұнай өндіру, құрылыс... Біз дәрі-дәрмектерге арналған нұсқаулықтарды, технология бойынша нұсқаулықтарды, сайттарды, әртүрлі мақалаларды және т.б. аударамыз.

Біздің басты артықшылығымыз - тапсырыс берушінің аударма үшін қандай мәтін беретінін құпия түрде сақтау. Біз құпиялылық саясатымызды берік ұстанамыз.

Sloovo Ltd. аударма бюросы - заманауи және жоғары технологиялық бюро. Біз әр жобаны мұқият қадағалаймыз, жұмыс тиімділігін арттырып, қателерді азайтуға тырысамыз.

Біздің басты артықшылығымыз - мінсіз бедел. Біз жұмысымыздың клиенттің көңілінен шығуы үшін бәрін жасаймыз. Мәтіндерді, сайттарды, материалдарды, құжаттарды аудару бойынша қызметтерімізге әлемнің әр түкпірінен тапсырыс аламыз. Біз белсенді дамып келе жатқан компания болғандықтан, бизнеске деген көзқарасымызды әлдеқайда мұқият және жауапкершілікпен сезінеміз, сонымен қатар қызметімізді сапаны жоғалтпастан неғұрлым қолайлы және арзан бағамен ұсынуға мүмкіндігіміз бар.

Сіздің аударымыңызды уақтылы және тиісті түрде алатындығыңызға сенімді бола аласыз және ұсынылатын қызметтерге келісім-шарт жасай аламыз, соның арқасында аударманың сапасына кепілдік береміз. Біздің әр тапсырыс бойынша есепшот ұсынуға мүмкіндігімыз бар.

Біз тестілік аударманы орындауға дайынбыз (маман бар болған жағдайда).

Біз сізге жеңілдік беруге дайынбыз (жеңілдік мүмкіндігі туралы әкімшімен кеңесіңіз).

Сізге қазақ тіліне немесе қазақ тілінен аударма жасау керек пе? Бізге келіңіз.